Тұрмыстық жарық диодты шам E27-15W

Артықшылықтары

E27 жарық диодты шамы – бұл үйде және жұмыста электр энергиясын нақты үнемдеу. Ол ескі қыздыру шамдарымен салыстырғанда 75%, энергия үнемдеуші шамдармен салыстырғанда 15% электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, аталған шамдардың пульсация (жылтырау) коэффициенті 1% кем, демек олар адамның көзіне іс жүзінде зиянды емес. Қызмет мерзімі 20 000 сағатты құрайды. Шамның орташа тәуліктік жұмыс ұзақтығы 12 сағат, бұл 4,5 жыл бойы жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Аталған шам кез келген стандартты патронға орналастырылады.

Техникалық сипаттамалары

Тұтынылатын қуат, W: 15
Жалпы жарық ағыны, Lm: 100
Жұмыс тіршілік ұзақтығы (сағат): 20000