Күн тақташасындағы шамдар

Жұмыс ұстанымы

Күн шамдары электр энергиясынан жұмыс жасайтын әдеттегі шамдардың заманауи баламасы болып табылады. Олардың жұмыс ұстанымы күн сәулесінің энергиясын пайдалануға негізделеді.  Күн шамдарын негізінен тек қала және қала сыртындағы жолдар мен магистральдарды ғана жарықтандыру үшін ғана емес, электрлік кабельді тарту қиын, мүмкін емес немесе өте қымбат болатын орындарда да пайдаланылады. Аталған шамдар типі ландшафт ерекшеліктеріне тәуелсіз, яғни қиын қол жетімді орындарда орнатылуы мүмкін.

princip-raboty-svetilnika-na-solnechnyh-batarejah

Тұрақты жұмысының негізгі шарты күн тақташасының тікелей күн сәулесі әсері аумағында орналасуы болып табылады. Монокристалды күн тақташалары тәуліктің жарық мезгілінде күн энергиясын жинақтайды, оны конвекторға бағыттайды және аккумулятор батареяларында электр энергиясы түрінде жинайды. Контроллер жүйе жабдықталған шамды қараңғы түскенде автоматты түрде қосады. Аккумулятор батареясының толық қуаты 10 сағат толық жарықтандыру режиміне жетеді. Күн шыққанда шам сөнеді және контроллер жинақтау және қуаттану режимінде іске қосады. Батареяның толық қуаттану уақыты ауа райы жағдайына байланысты ауытқуы мүмкін.

Орнату және реттеуден кейін аталған жарықтандыру жүйесі күн тақташаларын шаң немесе ластанудан қосымша тазалаудан басқа ешбір қосымша шығындарды қажет етпейді. Ең соңында, сіз көшені, жолдарды, магистральдерді және басқа да объектілерді қараңғы уақытта жарықтандыра алатын тәуелсіз және заманауи энергия көзіне ие боласыз.

suryadeep-brochure-a4-221

Артықшылықтары.

- экологиялық таза энергия көзі;
- желілік электр энергиясын тұтынбайды;
- кабель тартуды талап етпейді;
- автоматты қосу және сөндіру жүйесі;
- ашық күні ғана емес, бұлтты күні де қуаттанады;
- ылғалдан қорғалып жасалған.

Жинақтама және бағасы
• Жинақтамадағы күн тақташасы
• АКБ Bars GOLD 100 R+ (төм).
• Инвертор және контроллер.
• Жарқ диодты шам Gemera 50.
• АКБ, инвертор және контроллерге арналған металл бокс.
• Айналмалы бекіту.